Елге еңбегі зор «Еңбек ері»
2021 ж. 24 мамыр
3974
0
«Қазақстанның Еңбек ері», қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов 85 жасқа толды.
Бұл «Адамзаттың ақыны», жазушы, отандық әдебиетке, экономика саласының дамуына және де ядролық қаруды бастарту жолында үлкен үлес қосқан біртуар азаматымыздың мерейтойы. Мерейтой иесі өлеңдері арқылы халықты бейбітшілікке, ынтымаққа, береке-бірлікке үндеді. Олжас Сүлейменов әр жылдары Жазушылар одағын басқарды, мемлекеттік киноматография мекемесіне жетекшілік етті. Сондай-ақ Жоғары кеңесте депутат болып, бірқатар мемлекетте Төтенше және өкілетті елші қызметін атқарды. Ал 1989 жылы «Невада-Семей» қозғалысына бастамашылық етіп, ядролық қару сынағына жаппай тыйым салу жөніндегі құжаттың қабылдануына себепкер болды. Олжас Сүлейменов 2016 жылы отандық әдебиетті дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ бейбітшілік пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін жоғары дәрежелі «Қазақстанның Еңбек ері» атағын иеленеді.
Алтынбек Зере
Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақтоған ауылы
Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектептің 11сынып оқушысы
qazaquni.kz