Мен білетін Талғат Теменов
2020 ж. 23 қараша
3418
1
Ең алғаш естігенім ол өте талантты, бірақ қызу қанды, мінезі ауыр, өзімшіл, қатал... Тағы сол сияқты мінездемелер болатын...
Бірақ есімде «Махаббат бекетіндегі» және «Менің күнәлі періштемдегі» пәк махаббатты тек жүрегі махаббатқа толы адам ғана түсіре алады деген ой болды. Кездестім, көрдім, бірге жұмыс жасау бағы бұйырды. Жұрт айтатын Талғат Теменовтың басқа қырын біле бастадым.
Ол өте жүрегі нәзік, махаббатқа толы, мықты психолог, адамның ойын іс-әрекетінен білетін, пәк сәбидей мінезі әлі бойында сақталған, кез-келген адамның жетістігіне балаша қуана білетін, және балаша ренжитін ерекше мінезді жан. Ашуланғаны да анасына еркелеген сәбидей. Ешкімге дес бермей кеткенде бәрі айтқанын істеп кететіні. Ең бастысы ол өте шынайы... Оның болмысын бәрі біледі. Себебі оның жүрегінде барлығына да орын бар. Міне сол ақ ниетіне, адал ісіне, шексіз талантына Алла ол кісіге керемет, адал жар, өте үлгілі ұлдарын, ибалы келіндерді, сұлу да, сүйкімді немерелер сыйлап отыр. Адамның ішкі ойы қандай болса жан-жағы да сондай болады. Ұлы Талғат Теменовтың өмірі ғажап. Себебі оның жан-жағы ғажап адамдарға толы. Бүгін сол Ұлы, Ғажап адамның туған күні. Оның жасында емес мәселе, осыншама жасқа келсе де, пәк, кіршіксіз, таза жүрегінің сақталғанында. Лайым сол жүректің соғысы тоқтамасын. Қазаққа берері мол болсын. Бізде сол кісіден үлгі алып жүре берейік. Жүз жасаңыз!!!
Айдана Космосова, Қазақ үні