Маңызды салаға білікті маман келді
2020 ж. 28 тамыз
977
0
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Әлжан Тұяқбаев қалалық Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды. Әлжан Әлішерұлы 1971 жылы туған. Мамандығы – заңгер-оқытушы.
Ол 1992 жылдан 2017 жылға дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде үздіксіз әскери қызметте болған. Кейіннен Астана қаласындағы «ITS Security Group» ЖШСнің директоры болып жұмыс істеген. 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы әкімінің аппараты терро
ризмге қарсы күрес жөніндегі комиссияның басшысы лауазымында қызмет атқарған. Қала тұрғындары алдында беделді, білікті маман енді маңызды салалардың бірі – дін істері мәселесімен айналысатын болады.
qazaquni.kz