Аружан Саин балаларға арналған сурет конкурсының жеңімпаздарын құттықтады
2020 ж. 20 тамыз
1426
0
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин «Жануарлар – менің достарым!» сурет конкурсының жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтады.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл конкурстың аяқталуына орай оның жеңімпаздары мен қатысушыларын өзінің Facebook -тағы парақшасы арқылы құттықтады.
- Құрметті балалар! Адамзаттың жалпы саны 77 жарым млрд-тан асты. Әр 10 секунд сайын 26 сәби дүниеге келеді. Әр бала, әр жаңа тұлға - бірегей, ерекше дарынды!
Ал біздің, яғни, ересектердің міндеті – сендердің қажеттіліктеріңді қамтамасыз ету, әр баладан жақсы Адам тәрбиелеу, әркімге өз талантын, ең жақсы қасиеттерін танытуға көмектесу. Кез-келген адамның ең басты қасиеті - гуманизм, мейірімділік, басқаларға құрмет білдіру, Өмірді Жердегі ең басты байлық ретінде бағалай білу. Мен тек адамдардың ғана емес, әр тіршілік иесінің, жануарлардың, өсімдіктердің өмірін айтып тұрмын. Бұл өте маңызды, өйткені біз жалпы планетамызды, Жер бетіндегі бүкіл тіршіліктің алуан түрін сақтап қалуымыз керек.
Балалар, сендерге кейде бала ештеңе жасай алмайды, балаға ештеңе байланысты емес деген ой келеді. Десе де әлемді жақсы жаққа өзгерту БӘРІМІЗДІҢ қолымызда екенін ұмытпағандарың абзал. Қанша жаста екендерің маңызды емес, ең маңыздысы - Әлемді жақсы жаққа өзгерте аламын деген ақ ниеттерің. Сендердің идеяларың, пікірлерің, әрекеттерің көп нәрсені өзгерте алады. Сондықтан, байқауға өз жұмыстарын жіберген әр балаға көп рахмет айтқым келеді. Әрқайсысыңның өз ерекшелігің бар, байқауға келген әрбір жұмыс ерекше әрі құнды.
Бүгін, кім марапатталатынына қарамастан, ең бастысы - сендер өз суреттерің мен эсселерің арқылы жануарларды қорғауға өз үлестеріңді қостыңдар, Сендердің пікірлеріңді елеусіз қалдырмаймын деп уәде беремін. Кейбір балалардың жұмысы бүкіл Қазақстан бойынша билбордтарда ілінеді. Дегенмен әрқайсыларың қыркүйек айында басталатын «Менің Жасыл Планетам» атты келесі байқауға қатысып, экологиялық мәселелер жайлы, жердегі өмірді сақтаудың маңызы туралы сөз қозғай аласыңдар. Бізді қолдаған барлық серіктестерге алғыс айтамын!
Конкурс Бала құқығы жөніндегі уәкілетті өкілі Аружан Сайын бастамасымен, Қазақстан Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев қамқорлығымен, Қазақстан Республикасының БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев балаларға өз құттықтау сөздерін жолдап, олардың қозғаған барлық мәселесін шешуге үлес қосатынын жеткізд!
Сенат басшысы мен Ішкі Істер министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігінің, БҰҰ, «Балалар Әлемді Бейнелейді» Қоғамдық Қоры басшыларының бүгін бізбен бірге болғаны өте маңызды, себебі балалардың парламент пен үкіметке тұжырымдаған міндеттерін жануарлар мен табиғатты қорғаушы белсенді балалар жеткізбекші. ТУНЗА ұйымының UNEP балалар бағытындағы Қазақстандағы экологиялық буынының елшісі, және эко-зоо активист балалары Диана Гамазова, Алтыбаева Валерия, Мухаммеддулат Олжабай, Дюсенова Джамиля біздің марапаттау эфирінде сөз айтқан.
Конкурс Қазақстан Президентінің қамқорлығымен, БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында, Білім және ғылым министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, «Балалар Әлемді Бейнелейді» Қоғамдық Қоры, бас серіктес «Edu Stream» компаниясының және «Технодом» мен «Настоящий Буратино» серіктестерінің қатысуымен өтті.
Балалар суретінің «Жануарлар – менің достарым!» республикалық конкурсының жеңімпаздары сыйлықтарын иеленді. Қатысушылар еңбегі Бас жүлде және төрт жас тобы – 6-8, 9-11, 12-14, 15-17 жас бойынша әр топта үш орыннан жеңгендер анықталды. Конкурстың бас демеушісі «Edu Stream» компаниясынан Австрияға сапар сертификатын бас жүлде иегері сондай-ақ төрт жас тобының 1 орын иегерлері де қанжығасына байлады. Барлық жеңімпаз «Технодом», «Настоящий Буратино» компанияларынан смартфон, самокат және басқа құнды сыйлықтарға ие болды. Ішкі Істер Министрлігі конкурсқа қатысқан Жасмин Назар, Ахмед Аделя, Рызаева Фатимаға арнайы сыйлық – планшет табыс етті. Сонымен қатар қысқа бейне түсіретін «LIKEE» ғаламдық платформасынан эссе жазған балаларға арналған сыйлықтары өз иесін тапты.
6-8 жас тобы бойынша жеңімпаздар:
1 орын: Зонова Полина, 8 жас, Өскемен қ. (Шығыс Қазақстан облысы) 2 орын: Таранова Анастасия, 6 жас, Екібастұз қ. (Павлодар облысы) 3 орын: Нұрғалиев Айәділ, 7 жас, Ақтөбе қ. (Ақтөбе облысы)
9-11 жас тобындағы жеңімпаздар:
1 орын: Жангелді Елдос, 10 жас, Аққұдық а., Айыншы ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) 2 орын: Полякова Виктория, 10 жас, Өскемен қ. (Шығыс Қазақстан облысы) 3 орын: Мариков Андрей, 9 жас, Рудный қ. (Қостанай облысы)
12-14 жас тобындағы жеңімпаздар:
1 орын: Курак Дана, 14 жас, Орал қ. (Батыс Қазақстан облысы) 2 орын: Әлімбекова Мархаба, 13 жас, Абай а. (Қарағанды облысы) 3 орын: Сон София, 13 жас, Алматы қ.
15-17 жас тобындағы жеңімпаздар:
1 орын: Байбосынова Алина, 15 жас, Нұр-Сұлтан қ. 2 орын: Карчиев Жасурбек, 17 жас, Түркістан қ. (Түркістан облысы) 3 орын: Герасимов Даниил, 14 жас, Смирново а., Аққайың ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы)
Бас жүлде - Иваниченко Мария, 15 жас , Алматы қ.
Салтанатты құттықтау шарасы конкурстың Бас демеушісі «Edu Stream» компаниясының EduStream KZ атты Youtube арнасында онлайн өтті.