Дәурен БАСИМОВ: «ҚАЗАҚ ҮНІН» көпке жеткізе берейік!
2020 ж. 12 тамыз
1340
0
«Қазақ үні» газетінің жарық көре бастағанына бүгін 20 жыл. Осынау уақыт аралығында ұлттың үніне айналған газетіміздің шығар шыңы бұдан да биік болсын! Ел ағаларының ақ батасымен, қалың оқырманның ізгі тілегімен басылымымыз өсіп, өркендей берсін!
Елдің сөзін сөйлеген ел газеті бүгінде ұлттық мүддені қорғауды ту еткен ұлт зиялылары мен қоғам қайраткерлерінің мінберіне айналды. Халықты толғандырған көкейкесті мәселелер басылым бетінде ашық көрсетіліп, тиісті орындарға дер кезінде жеткізілетіндіктен қарапайым халық та кез-келген жағдайда қолдау сұрап, «Қазақ үніне» табан тірейді. Сонымен қатар, республикамыздың түкпір-түкпіріндегі қалың оқырманның талап-тілегін орындау да – біздің мақсатымыз. Осы бағытта тер төгіп, қолдарынан қаламдары түспей, халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келе жатқан әріптестерімнің сәттілік серігі болсын! Әрбіріңіздің отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!
Әрбіріміз тәуелсіз басылымдардың көшбасшысы – «Қазақ үнін» көпке жеткізіп, Тәуелсіз Қазақстанның дамуына зор үлес қоса берейік!
Дәрен БАСИМОВ,
«Қазақ үні» газетінің Бас есепшісі
qazaquni.kz