Ұлттық мүддені басты бағдар еткен басылым - Жансейіт Түймебаев
2020 ж. 12 тамыз
1603
0
***
Құрметті Қазыбек Жарылқасынұлы!
Елдің жоғын жоқтап, мұңын мұңдап жүрген халықтық басылым «Қазақ үні» газетін 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Республикалық қоғамдық-саяси ұлттық апталық алғашқы күннен ел өміріндегі саяси оқиғалар мен түбегейлі өзгерістерді бұқараға баяндап, жаңалықтың жаршысына айналды. Алаш зиялылары ұстанған ұлттық идея мен елдік мұратты басты бағдар етіп, ойлы оқырманға қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен газет ұжымы тығыз байланыс орнатып, ортақ мақсатта бірлесе жұмыс атқарып отырғаны бек қуантады. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, мерейін өсіруге бағытталған Ассамблеяның басты жобасы – «Ұлы Даланың Ұлтаралық тілі» республикалық форумы басылымда тұрақты насихатталып, жан-жақты көрініс тапты.
Түрлі этностар арасында қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін дәріптеуге арналған «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы мен басқа да іс-шаралар Сіздің тарапыңыздан айрықша қолдауға ие болды.
Бүгінгі мерейтойды пайдалана отырып, азаматтық ұстанымыңыз бен әріптестік қарым-қатынасыңыз үшін Сізге және редакция ұжымына шынайы алғысымды білдіремін.
Қаламдарыңыз қуатты, өмірлеріңіз шуақты болсын! Отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Ж. ТҮЙМЕБАЕВ,
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Төрағасының орынбасары