Ел оқитын санаулы басылымның басында "ҚАЗАҚ ҮНІ" тұр - Исраил Сапарбай
2020 ж. 12 тамыз
1371
0
Қазір кітап оқуды ұмытып, толығымен ҰЯЛЫға көшкен жұрт кезкелген газетті оқуға да құлықсыз. Санаулы ғана басылым болмаса. Сол санаулының санатында, әрине, ең бірінші болып ҚАЗАҚ ҮНІ" тұр. "Егемен Қазақстан" енді-енді ғана жалпықазақтық газетке айналып келеді. Қазақта "Бітер істің басына - жақсы келер қасына" деген дуалы дауалы сөз екеуіне бірдей қатысты. Алла жарылқасын! Батылдық, мықтылық, жүректілік, қарымдылық, ауқымдылық, турашылдық әлі күнге біраз газеттерімізде жетпей жатыр. Өкініштісі де осы. 20 жылдан бері талай басылымның үні өшіп, талайы жанбай жатып өшті емес пе? Ал "Қазақ үні" керісінше керегесін кеңге жайып келеді. Ұлттық басылым атына лайық болу-үлкен абырой!!! Қазақтың Даласын оятып, қаласын шаң-қоқыстан қағып-сілкіп, баласын атқа қонуға атсалыса бер, айналайын, "Қазақ үні"! Абай рухы, Абайы бар қазақ жұрты өздеріңмен қанаттас, қабаттас әрдайым!
Исраил Сапарбай, Қазақ үні