Қазақстанда 10-шы тамыз - "Абай күні" деп белгіленді
2020 ж. 05 тамыз
1613
0
Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесіне тағы бір атаулы дата қосылды. Үкімет қаулысымен тамыздың 10-ы "Абай күні" деп бекітілді.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі Үкіметке сілтеме жасап хабарлайды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ
20___ жылғы __________ Нұр-Сұлтан, Үкімет Үйі от «___» ___________ 20___ года № ____________________
№ ____________________ № 495 04.08.2020 жылғы
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын: «22-1. Абай күні – 10 тамыз».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин