Қыз емес, қыздың аты-қызыл алтын...
2020 ж. 09 шілде
5105
0
Қазақ қызын сөз еткенде ең алғашқв айтылатын сөздердің бірі “қазақ қызы тәрбиелі қыз, қарапайым жан”. Әрине, бұл рас. Бұл қасиет барлық әйел адамзатының бойында бар қасиет. Оларды сипаттап әнге қосқанда ақын, жазушылар да тамсана жазған.
Қыз емес, қыздың аты-қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Міне, осындай өлең шумақтарынан ақ қыз атауласының қандай екені белгілі емес пе? Әрине, әр ұлт өзінің ерекшеліктерімен мақтанады ғой. Бізде өз отанымыздың құнды ерекшеліктерімен, ақылына көркі сай сұлуларымызбен мақтанғанымыз артық етпес. Қазақ қызы көнеде қандай болған дегенде, ең бірінші тарихқа көз жүгіртеміз. Сондағы ең алғашқы қазақ қызы кім? Қазаққа қапелімде қауіп төнгенде жаудан қорғап қалған Тұмар патшайым мен Бопай ханшайым. Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсете білген Әлия мен Мәншүк батыр әпкелеріміз. Отан анасы бола білген жандардың мақтар тұсы өте көп. Себебі, қазақ бұрымдылары тек батыр ғана емес, одан бөлек биші, әнші, суретші, ақындары да көп болған. Бойына қызға тән барлық қасиеті бар, барлық аруларды атап айтсақ мақалам аяқталмас.
Егер сонау тарихтағы естеліктерді айтып, сыр шертер болсақ,қазіргі заман талабын ұстанып, бойындағы қазаққа тән қасиетті жоғалтқан қыздардың құлағына алтын сырға болар еді. Бұл сөзбен өзіміздің тәлім-тәрбиені бойына сіңіріп, қазақи тәрбиені көріп өскен, тарихи толқында өсіп өнген, заман талабымен қоса қазақилығымызды сақтап қалуға болады деген қыздарымыздың бар екенін жоққа шығармаймыз, әрине. Тек айтқым келгені, өз тізгінімізді қоғам түсінігіне сай бұрып, өмір сүріпте қазақилығымызды сақтап жүрсек. Қазір ХХІ ғасыр, тәуелсіз,бейбіт елде тұрып жатырмыз. Заман талабына сай киініп, өмір сүрсек, ол - біздің қазақы қасиетімізді жоғалттық деген сөз емесқой. Тек уақыт өтті, ел дамыды, түсінік өзгерсе де ұлтымыздың ұлылығы мен қазақ қаны ғана өзгерген жоқ.
Тағы айта кететін жайт, ата-бабаларымыз қалдырған орны өзгермес өнегесі мен өнері бізге мұра болып қалды және қалары даусыз. Қазақи нақышта сән әлемінде негізгі мәнге ие болған киімдер мен әшекейлерді күнделікті өмірде кимесекте, бұлардың қазіргі таңда алғашқы бестікте тұрғаны мәлім. Оларды кимесек біздің қазақтық сипаттан айырылғанымыз деген түсінік қалмауы керек.
Қорыта айтқанда, біз бәріміз де қазақтың қарапайым қыз-келіншектеріміз. Тарихымызды әркез еске аламыз, шежіреміз шырайлы, тәрбиеміз тәлімді. Бәрімізде әке тәрбиесін алып, ана мейірімін көріп өскен жандармыз. Дініміз берік болып, салтымыз сақталғанда ұлтымыздың ерекше құндылығын жоғалта қоймайтынымыз сөзсіз. Тек заман, уақыт қанша өзгерседе қазақилығымыз біздің ұрпақтарымызға жаңаша деммен жететінін ұмытпаған жөн.
Меруерт ӘСЕМҚАРАЕВА
«Береке» орта мектебі
Алматы облысы
Қарасай ауданы
Береке ауылы
qazaquni.kz