Сенімде секем болмасын
2020 ж. 13 маусым
1674
0
Адамзат қоғамымен қатар жаралып, адам болмысымен біте қайнасқан, ешқашан ескірмейтін бірқатар рухани құндылықтар жүйесі бар екені белгілі. Сондай негізгі жүйелердің бірегейі – дін. Дін тек адамзаттың сеніміне ғана емес, моральдық, адамгершілік, рухани даму мәселесіне де тікелей қатысты. Мораль мен алдамгершілік тірегі ізгі ұстаным болса, ұстанымның тұтқасы – сенім. Адам белгілі бір мақсатқа жетемін деген сеніммен ғұмыр кешеді, онсыз өмірдің мән-мағынасы болмай қалады.
Кешегі қызыл коммунизм кезіндегі идеология дін атаулыға шектеу қойып, адамдарды атеистік бағытқа күштеп бет бұрғызған саясат салдарынан біз өз діни сенімімізді жоғалтып ала жаздағанымыз рас. Құдайға шүкір, егеменді ел атанып ата-балаларымыз ұстанған Ислам дініне қайта ден қойдық, демек өз сенімімізге қайта ие болдық. Енді сол сенімге селкеу түсірмей, кейбір жат ағымдардың жетегіне түсіп кетпей тура жүру мақсаты тұр алдымызда. Мынандай әлемде орын алып жатқан арандатуға негізделген идеологиялық айқас кезінде ол да оңай емес екеніне көз жеткізіп отырмыз.
Демократиялық қоғамда дін міндетті мемлекеттік мәртебеге ие емес, бірақ оның өз орны бар. Конституциямызда «Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әралуандылық танылады», - делінген. Дін тек идеология ғана емес. Дегенмен, Конституцияның бұл тұжырымдамасы айналамыздағы дүниеге деген, қоғамдағы құбылыстарға деген әртүрлі көзқарастың заң алдында теңдігін, сонымен қатар ешқайсысының анық міндетті еместігін көрсетеді. Сол сияқты Конституцияның «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар», «дінге көзқарасына» байланысты «ешкімді кемсітуге болмайды»деген қағидаларына сәйкес мемлекет азаматтардың дінге қатынасына, дін таңдауына, балаларының да дін таңдауына араласпайды, мемлекеттік органдардың жұмысын діни бірлестіктерге жүктемейді, діни бірлестіктерді қаржыландырмайды, діни бірлестіктердің жұмысына, егер ол заңға қайшы болмаса, араласпайды, әртүрлі діндегі немесе дінге сенбейтін адамдардың, діни бірлестіктердің өзара сыйластықта, төзімділікте болуына ықпал етеді.
Керек десек, осының бәрі біздің мемлекет саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында және осыған ұқсас құжаттарында көрсетілген. Әрине, бұл тұжырымдамалар мен бағдарламаларды мерзімінде орындау ләзім. Бірақ бес саусақ бірдей демекші, атқарылу барысы әр жерде әрқилы. Ол қоғамға бағыт-бағдар беріп, жол сілтейтін жергілікті атқарушы билік пен түрлі мекемелердегі мамандардың біліктілігі мен іскерлігіне байланысты.
Бұл бағытта еліміз бойынша аз жұмыс істеліп жатқан жоқ. Көпұлтты қоғамымызда тұрақтылық пен ынтымақ орнауы осының айғағы. Соның бір мысалы Аламаты облысы Көксу ауданы. Аталмыш ауданда қазір қырық мыңнан аса адам тұрады. Оның құрамында ондаған ұлт өкілдері бар. Аудандағы 39 елді мекен 9 ауылдық және 1 кенттік әкімшілік округке біріктірілген. Аудан орталығы – Балпық би кенті.
Мұхаммед пайғамбар Алла мен адамдар арасындағы өзінің елшілік қызметіндегі ең маңызды міндетін – «Мен көркем мінез-құлықтарды жетілдіру үшін келгенмін» - деп түсіндірген екен. Мұхаммед пайғамбардың хадисінде «Дін дегеніміз – насихат» деген түсінік бар дейді дін саласының мамандары. Расында да насихаттың негізгі мақсаты – сенімді уағыздай отырып, адам мінезін қалыптастыру мен тәрбиелеуге саяды. Рухани тәрбиеде діннің ықпалы өте зор екенін ғалымдар мен сарапшылар да мойындаған. Әсіресе өмірлік ұстанымы әлі де қалыптаса қоймаған, толқымалы, өтпелі психологиялық кезеңдегі жастар үшін діни-рухани тәрбиенің маңызы өлшеусіз. Осыны ескеріп, аудан бойынша жат ағымның арбауына кетуден қорғау, діни мәселелерді түсіндіру және дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын және 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қызметшілерден, аудан имамдарынан, кәсіпорын бастықтары мен мекеме басшылары, құқық қорғау органдары, білім бөлімінің қызметкерлерінен құралған 12 мүшесі бар ақпараттық-түсіндіру тобы алдынала белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес және жоспардан тыс, қосымша түрлі іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Айталық, үстіміздегі жылдың қаңтар айының ортасында Мәмбет ауылының кітапханасының оқырмандар залында «Экстремизм мен терроризмге қарсымыз» атты дөңгелек үстел өткізілді. 12 ақпан күні Лабасы ауылдық округі Ж.Егінбаев атындағы орта мектебінде дәп осы тақырыпта «Терроризм мен экстремизмге жол жоқ» атты кеңейтілген кездесу өтті. Екі іс-шараға да ауыл жастарымен бірге ересек тұрғындар да белсене қатысып, өздері кейдң түсіне бермейтін көкейдегі сұрақтарын қойып, бүгінгі қауіп-қатердің қайдан келетіні туралы толық мағұлымат алды. Ақпан айының басында Мұқыры ауылы Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектебінде «Деструктивті идеологияға қарсы имунитет қалыптастыру» атты ашық сұқбат өтті. Мектеп мұғалімдері мен оқушыларды қамтыған бұл жүздесуде де бүгінгі әлемде алаңдаушылық тудырып отырған терроризм мен экстремизм жайында, оның адамзат атулыға тигізіп отырған кері әсері туралы жан-жақты әңгіме болды. Оның ішінде дінді өз теріс пиғылдарына қарай пайдаланған арандатушылардың жымысқы саясаты мен іс-әрекеттерінің зияны ашып көрсетіліп, түсіндірілді. Осыған ұқсас іс-шаралар аудандағы тағы да бірқатар ауылдарда ұйымдастырылды.
Соңғы жылдар елімізде рухани жаңғыру бағдарламасы жарияланып, тарихымыз бен ұлттық құнылықтарымызға қайта бет бұрып жатырмыз. Біздің айтып отырғанымыз ата-бабаларымыздан жеткен адамгершілік, лайықты мінез-құлық, озық салт-дәстүр мен мәдениет-өнер, үлгілі тәрбие сияқты ұлттық құндылықтар. Біз осыны қалыптастыруға күш салуымыз қажет. Осы мақсатта да ауданда бірталай жұмыс атқарылған. Қаңтар айында Балпық би ауылы М.Құрманов атындағы орта мектебінің мәжіліс залында «Ұлттық құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты кездесу өткізілді. Ақпанда Балпық би ауылы Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінде «Ұстаз ұлы тұлға және Ұрпақ тәрбиесі» тақырыбында кездесу болды. 11 наурыз күні Балпық би ауылы Б.Құндақбаева орта мектебінің мәжіліс залында «Дін және жастар тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл кездесулердің бәрі де негізінен ұрпақ тәрбиесіне арналды.
Елімізде жарияланған карантинге байланысты жұмыстарды қашықтықтан жүргізуге тура келді. 17 сәуір күні Көксу ауданының жастар ресурстық орталығымен бірлесіп аудандағы жастарға «ONLINE АҚПАРАТ» «Дін және жастар» тақырыбында Ауданның бас имамы Ерімбет Еділбек тікелей эфирге шықты. Тікелей эфир барысында тындармандар өздерінің сұрақтарына толық қанды жауаптарын алды. Сол сияқты 25 мамыр күні Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп «Қазіргі жастардың дінге көзқарасы» атты тақырыбында ауданның біліктілігі жоғары деңгейлі маман дінтанушы Мақсат Бектемировпен «ONLINЕ ақпарт» тікелей эфирде өткізілді. Тікелей эфир барысында әлеуметтік желіні қалай пайдалану керек, жастардың дінге деген көзқарасы жайлы сөз болды.
Бүгінгі біздің қоғам әртүрлі саладағы, оның ішінде діни ақпараттан тапшылық көріп отырған жоқ. Басты мәселе сол ақпараттардың сапасы мен дұрыс деңгейіне байланысты. Кеңестік жүйеден соң бос қалған идеологиялық кеңістікте отыз жылға жуық уақыт бойы түрлі бағыттағы талғаулы-талғаусыз ақпараттар ағымы толассыз жүріп жатыр. Олардың дінге байланыстысының өзін – ғылыми-діни, діни және жалпы рухани ақпараттар деп шартты түрде бөлуге болады. Бұл ақпараттар баспа түрінде ғана емес, қазір электрондық нұсқаларда да таралады. Діни мазмұндағы баспа басылымдарын үш топқа бөлуге болады. Бірінші, ғылыми (негізінен мемлекеттік бағдарламалар аясында жарық көрген) басылымдар. Екінші, діни басқарма жариялаған басылымдар. Үшінші жеке баспалар тарапынан жарық көрген еңбектер. Соңғысының елеулі бөлігі қазіргі шетел басылымдарынан аударылған еңбектер болып келеді. Міне осы ақпарат құралдарын дұрыс пайдалана білу де өте маңызды. Өйткені олардың қай-қайсысы болсын белгілі бір идеологиялық бағытты ұстанады.
«Аудандық БАҚ-та ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған материялдардың жариялауын қамтамасыз етіп, экстремизм мен терроризмді насихаттауға жол бермеу үшін жұмыстар жүргізіліп және қолдау көрсетілуде. Көксу аудандық әлеуметтік желілерінде Instagram 98, Facebook 84, Bkontakte 37 ақпараттар салынды. «Көксу аудандық дін істері», атты парақшаларда жастар арасында дәстүрлі емес және радикалды діни көзқарастардың қатерін түсіндіруге арналған бейнероликтер, бабаларымыз айтқан нақыл сөздер, сұхбат, мақала және басқа форматтағы материалдар орналастыруға жүйелі түрде жұмыстар атқарылып келеді» - дейді Алматы қаласы Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің «Аударма ісі» фокультетін бітірген, Алматы облысы Дін істері басқармасы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» біліктілігі жоғары деңгейлі маманы, дінтанушы Мақсат Бектеміров. Аудан тұрғындарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру мақсатында арнайы медиа-жоспар бекітіліп, аудандық “Нұрлы Көксу” газетінде діни тақырыптарға арналған “Иман ашар” айдары ашылып, аталған жоспарға сәйкес ішкі саясат бөлімі және ақпараттық-түсіндіру тобы мен кеңес мүшелерінің тарапынан әртүрлі тақырыптағы мақалалар жариялаып тұады. Атап айтар болсақ «Зайырлы мемлекеттегі рухани құндылықтарды қалыптастыру», «Зайырлы мемлекет және жоғары руханият», «Дін – бірліктің рухани тірегі», «Салафилікті ұстанушылардың мемлекет,мәдениет және салт – дәстүрге қатысты ұстанымдары», «Фанатизм дәстүрлі діннің қас жауы», «Абай Құнанбайұлының сенім туралы ойлары», «Бірлікке ұйыған елге береке ұялайды» атты материалдар жарық көрді. Жалпы Көксу ауданы бойынша діни ахуал тұрақты. Сенімге селкеу түсірмес үшін жергілікті мемлекеттік және дін саласы мамандары нәтижелі жұмыс атқарып келеді.
Бек МЫРЗАҰЛЫ
qazaquni.kz