Абас-шах Серік. СЕРКЕЛЕР ОРЫН АУЫССА...

    СЕРКЕЛЕР ОРЫН АУЫССА...       ияли шатпақ)   Ет сүрлеп, құртты дорбалап, Коржова қамыр илейді. Марченко "Қара жорғалап", Уахабшы вальс билейді.   Қазақша тілін "пісірді", Жаттап жүр Мамин мақалды. Бекболат "Келін" түсірді, Тұрсынов - "қаба сақалды".   Мағауин "Шыңғыс- жауыз" деп, Нүктесін қойды зор істің. Шаханов ортақ ауыз деп, Қорғап жүр тілін орыстың.   Есімов қыстай жеймін деп, Қақалып қалды көп қарға. Біреуді соқпа деймін тек, Шауып жүр Жовтис көкпарда.   Жәмішов шашы шаң болып, Сайрап жүр тува-якутша... "Нұр Отан" жаққа зам болып, Бас мүфти барды уақытша.   Рерих пен Болат Атабай, "Арбайттап" кетті Германға. Айтысқа тойған атадай, "КВН" құрды Ерман да...   Еститін құлақ табар ма, Ел-жұртқа тұрса жетіп үн? Амантай қажы "Хабарда", Жүргізді нағыз "Жеті күн".   Осылай орын ауысар, Серкелер жүрмей, "ісініп". Тұлғаның бәрі қауышар, Тоқтамға келіп түсініп...

 Baq.kz/biog/

www.gu-gu.kz