Абай есімі қашан да қадірлі
2020 ж. 25 қаңтар
1523
0
Елімізде 18 мыңнан астам қазақстандыққа Абай есімі берілген. Дәлірек айтсақ, 18 232 қазақстандықтың есімі ақын, ағартушы және философ, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай құрметіне қойылған екен.
Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті. ҚР Әділет министрлігі АХАТ басқармасының дерегінше, ұлы ақынның отаны – Шығыс Қазақстан облысында Абай есімді 378 азамат тұрады. Бүгінде ең үлкен Абай 92 жаста болса, ең кішісі небәрі 2 күн бұрын туған. Кішкентай Абай 2020 жылғы 20 қаңтарда Сарыағаш қаласында дүниеге келді. «Соңғы 10 жыл ішінде (2009-2020 жж.) ата-аналар балаларына Абай есімін 2470 рет таңдаған. Ең көбі Түркістан облысында (415), Алматы (321) және Нұр-Сұлтан (273) қалаларында тұрады», - деп атап өтті министрліктегілер. Абай есімі қазақ үшін қашан да қадірлі екенін осыдан-ақ көруге болады.
qazaquni.kz