Өмірдің өз бейнесі
2019 ж. 15 желтоқсан
4160
0
«Қазақ университеті» баспасынан жазушы Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» аталатын романы жарық көрді.
Көлемі жиырма алты баспа табақтан тұратын ауқымды шығармада социалистік режим құрбандарына айналған Семей өңірі тұрғындарының қасіреті баяндалады. Радиация кеселінен қынадай қырылған халықтың арасында Аяулым жары мен перзентінен, ұлы әкесінен, ата-ана- сын сүйікті баласынан, ағалары бауырынан айырылады....
«Ей, мейірімді жандар! Өз баламнан өзім шошысам, сендердің не жазықтарың бар? Бұл сұмдыққа кінәлі кім?! – деп зарлаған әйелдің тағдыры туған Отанында болып жатқан қасіретпен араласа отырып, елінің Тәуелсіздігі мен ұлтының бостандығына ұласады.
Роман желісінде Тәуелсіздік жолындағы өтпелі заманның қиындықтарын Аяулымның
тағдырымен жалғастырады. Арасында адам баласына тән махаббат сезімі де, ыстық жар құшағы мен күйініш-сүйініш те, тіпті мистикалық оқиғалар да жеткілікті.
Оқырмандар әрбір шығармасын асыға күтетін жазушының бұл романы оқушы жан-дүниесін бей-жай қалдырмайды. Аяулымның тағдыр жолындағы қасіреті мен махаббаты, ләззаты мен қуанышы өз өмірінің қалтарыс-қырына тартып, ілестіріп отырады.
Қ.МАҒАЗҰЛЫ,
qazaquni.kz