Досхан Жолжақсынов әкімнің кеңесшісі болған Беспаевты сынады
2019 ж. 17 қыркүйек
11060
5
Досхан Жолжақсынов жақында Алматы әкімінің кеңесшісі атанған өнер жұлдыздарын сынға алды. Айтуынша, бұл биліктің осалдығы.
Бұл туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтылды, - деп хабарлады stan.kz.
Жақында Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімінің кеңесшісі, Қыдырәлі Болманов мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болды.
Актер Досхан Жолжақсынов бұл биліктің осалдығы дейді.
"Олар не кеңес айтады? Нені өзгертеді? Бұл биліктің осалдығы. Не туралы кеңес беруге болады? Мәдениет министрлігі бар. Оның бүкіл аппараты отырады. Олар неге отыр? Бұл олардың қолынан келмей ме? Әкімдікте де мәдениет департаменті бар, неге білімді азаматтар бармайды? Күлкің келетін дүние ғой, күлдік те қойдық", - дейді актер.