Тоқаев I Азия жазушылары форумының ашылу салтанатына қатысты
2019 ж. 04 қыркүйек
2233
0
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында I Азия жазушыларының форумы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Форумға қатысушыларға алғыс білдіремін. Жиын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп отыр. Халқымыз ұлттық тарих пен мәдениетті зерттеуге ерекше мән береді. Қазақ әдебиеті - халқымыздың құнды қазынасы. 30 жазушы мен 31 ақынымыздың шығармалары БҰҰ-ның алты тіліне аударылып, 90 елге таратылады. Бұл 2,5 миллион адам бұл шығармаларды оқиды деген сөз", - деді Президент.
Форум 4-6 қыркүйек аралығында елордада болады. 38 елден шақырылған 80 жазушының қатарында Букер және ASEAN әдеби сыйлықтарының лауреаттары, ұлттық және мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері, кәсіподақ пен қауымдастық төрағалары бар.
Форум Азия әдебиетіндегі барлық өзекті мәселені талқылауға арналған диалог алаңына айналады. Сонымен қатар, қатысушылар "Азия әдебиеті" түсінігін қалыптастыруды жоспарлап отыр. Форум "Бір тамыр, бір көзқарас, бір өркениет" атты ұранмен өтіп жатыр.