Абай жырларын оқу эстафетасын Ұлттық академиялық кітапхана ұжымы жалғастырды
2019 ж. 16 шілде
3876
0
ҚР Ұлттық академиялық қызметкерлері Абай жырларын оқу эстафетасын жалғастырды. Мекеме ұжымы эстафетаны ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловадан қабылдап алды.
– Ұлы Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызынан, шәкіртім Бекзаттан және Шымкенттегі кішкентай бүлдіршін Ханбибіден зор ризашылықпен қабылдаймын! – деп бастады сөз кезегін кітапхана басшысы Үмітхан Мұңалбаева.
Ұлы Абайдың алғашқы баспа кітабы 1909 жылы Петербор қаласында Әлихан Бөкейханның көмегімен жарыққа шықты. Мұхтар Әуезовтың 1942 жылы шыққан «Абай» романының ең бірінші басылымы Ұлттық академиялық кітапхана қорында сақтаулы тұр. Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасында 700-ден аса контент бар.
– Өз кезегімде әріптестерімен бірге Ұлы Абайдың 14-ші Қара сөзімен және өлеңдерімен жалғастырсақ деймін. «Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дейд» дана Абай. Қандай керемет айтылған сөз. Біздің қазақ батырлардан кенде болған жоқ ешқашан. Абай жырларын оқып, Абай рухымен сырласа берейік. Осы эстафетаны мемлекет және қоғам қайраткері, абыз ағамыз Мырзатай Жолдасбеков, қазақ жазушысы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ағамыз Смағұл Елубайға, ақын, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанға, барша зиялы қауым өкілдеріне, Қазақстан кітапханашыларына және есімін кемеңгер жазушы Әбіш Кекілбайұлы қойған немерем Айдос Елдосұлына жолдаймын, – деді мекеме басшысы Үмітхан Мұңалбаева.
Ендігі, бұл эстафета Мырзатай Жолдасбековке, Смағұл Елубайға, Сәуле Досжанға, еліміздің барша зиялы қауым өкілдері мен Қазақстанның кітапханашылары жалғастыратын болады.