«Төле би» телехикаясы көрерменге жол тартпақ
2019 ж. 14 маусым
4630
0
Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына арналған баспасөз конференциясы өтті.
Қостанайда балалар кинофестивалі өтті Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев Түркістан қаласын түркі тілдес елдердің рухани астанасы ретінде таныту жоспарланғанын айтты. «Бұл мақсаттағы жұмыстар төрт бағытта жүреді.
Оның біріншісі – өңірді зиярат мекені ретінде туристерге таныту. Екінші бағыт – Қожа Ахмет Ясауи кесенесін әлемдік сәулет өнерінің жәдігері ретінде насихаттау. Үшінші бағыт – Түркістан қаласын Оңтүстіктің сауда орталығына айналдыру. Төртінші бағыт –Түркістанның ұлы есімдерін ұлықтау аясында «ясауитану» ілімін дамыту. Облыстың бір жылдығын атап өту мақсатында апталық жарияладық. Соның аясында республика көлемінде 46 шара өткізу жоспарланған», – деді Мәлік Отарбаев. Түркістан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Нұрдәулет Исабектің айтуынша, осы апталық аясында нұр-сұлтандық тұрғындардың назарына бірнеше кинотуындының тұсаукесері ұсынылмақ. «Облысымыздың бір жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында «Ордабасы – бірлік туы» анимациялық фильмінің тұсауы кесіледі. 25 минуттық «Оқсыз оқ» фильмі мен «Түркістан» анимациялық туындысы да көрерменге жол тартпақ. Ал 10 сериядан тұратын «Төле би» кинохикаясының қысқартылған нұсқасы фильм ретінде көрсетіледі», – деді басқарма басшысы. Аталған туындылар 14 маусымнан бастап үлкен экраннан тегін көрсетіле бастайды. Соның ішінде «Төле би» хикаясы «Хабар» арнасынан көрсетілуі мүмкін. «Төле би» хикаясын түсіру үшін облыс бюджетінен 153 млн. теңге бөлінген. Сатыбалды Нарымбетовтың көркемдік жетекшілігімен түсірілген туындыны «Астана күні» қарсаңында «Хабар» арнасынан көрсетуді жоспарлап отырмыз», – деді Нұрдәулет Исабек.
qazaquni.kz