АҚ ОТАУҒА АҚ ЖОЛ!
2019 ж. 18 наурыз
5622
0
Жасұлан бауырым, Айгүл келін!
Алақандарыңа салған аққуларың Диана қызымыздың Ақ отау құрғаны құтты болсын!
Диана мен Әмірдің көтерген шаңырақтары биік,
босағалары берік, керегелері кең болсын!
Бақыт жайлы айтылатын ән дайын. Диана қыз, ашылсын ақ маңдайың! Ата-анаңның аялаған мәпелеп, Ақ үмітін ақтай білгін әрдайым! Бақыт құсы қонса баққа – саяға, Қуанбайды қандай әке, қай ана?! Әмір десе, атыңа сай ер болып, Дианадай аққуыңды аяла! Ақ тілектер ақ қанатын жаяды. Алашыңның аруы бол аялы. Аналардың шашып елге шуағын, Бабалардың салтын ұста саялы. Азаттығын сүйіп Ұлы даланың, Ұлтың үшін арналсын тек бар әнің. Аталарың Алашқа еңбек еткендей, Қазақ атын шығара бер қарағым! Арман тауға аттандыңдар ат мініп, Алдарыңнан шықсын күліп сәттілік! Тәтті болсын, өмірлерің әрдайым Дастарxанға жайылған соң тәттілік! Шаңырақты көтеріңдер сәнді ғып, Әлдилерің жүрсін ішін ән ғылып. Ақ отауға Ақ жол мәңгі тілейміз, Жұлдыздарың жарқырасын мәңгілік! Ақ тілекпен, аға-жеңгең Қазыбек - Жәннат qazaquni.kz