Қазығұртта үшем дүниеге келді
2019 ж. 12 ақпан
5875
0
[caption id="attachment_95795" align="aligncenter" width="597"] Фото: otyrar.kz[/caption]
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының 29 жастағы тұрғыны Әбдалиева Жадыра Заманқызы үшемнің анасы атанды. Үшеуі де ұл бала екен. Аян, Саян, Аман есімді үшем 23 қаңтар күні Түркістан облыстық №1 перинатальды орталықта дәрігерлердің көмегімен кесар тілігі арқылы туылған, - деп хабарлады otyrar.kz.
Дүние есігін ашқан сәтте салмақтары 1700-2100 грамм болса, бойлары 40-48 см болған. Қазір денсаулықтары жақсы дейді дәрігерлер. Бүгін перзентханадан шығып, шаңырақтарын шатыққа бөлемек.
Анасы Әбдалиева Жадыра Заманқызы үй шаруасында болса, әкесі коммуналдық шаруашылық саласында жұмыс істейді. Үшем жұбайлардың тұңғыштары көрінеді.