Қоғам қайраткері Айса Берекетұлы дүниеден озды
2018 ж. 19 қараша
2555
0
Бүгін "Ақ жол" ҚДП Орталық Кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері Үмбет Айса Берекетұлы дүниеден озғаны туралы қаралы хабар келді.
Айса Берекетұлы 2002 жылдан Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі. Партияның Маңғыстау облыстық Кеңесінің, Орталық Кеңесінің мүшесі болды. Айса Берекетұлы облыс көлемінде өткен барлық саяси науқандарға қатысып, демократияны дамыту мақсатында партияның атынан байқаушы, сенімді өкіл немесе үгітші ретінде қолынан келген барлық көмегін көрсетті.
2004 жылы ол № 3 сайлау округы бойынша облыстық мәслихатқа депутаттыққа үміткер есебінде сайлауға түсті. Ұлттық демократияны дамытудағы қоғамға сіңірген еңбегі үшін «Ер Қосай» медалімен марапатталды.
"Ақ жол" ҚДП Орталық Комитеті Айса Берекетұлының қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмның жаны жәнатта, иманы саламат болсын.
qazaquni.kz