АЛАТАУДАЙ БИІК БОЛСЫН ӘРДАЙЫМ!
2017 ж. 03 қараша
4098
12
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!
Сәби дауысы – одан асқан бар ма әнің,
Білдіреді ол бұл өмірдің бар мәнін.
Кішкентай қыз орындады ақыры,
Үлкен елдің - Алты Алаштың арманын!
Құдіреті осы емес пе Алланың!
Бұл өмірдің бар маңызын ұқтырып,
Бүкіл әлем қол соғардай тік тұрып,
Нар тұлға ағам нағыз ерлік жасады
Махаббаттың арқасында тұп- тұнық.
Аңыз ғой бұл айтылатын ғасырға,
Жарасады бәрі сіздей асылға.
Саясат пен байлық, маңсап түк емес
Ұрпақ жалғар ұлдың дауысы қасыңда!
Қызғалдақтай қыз бен ұлды Күн – Айға,
Теңеп көкем бөленеді шырайға.
Қосып тілеп жүр едік біз намазға,
Шын тілесең, береді екен Құдай да!
Әлдилесін әсем ән мен жыр егіз,
Үмітпенен біздер өмір сүреміз.
Ұлы хандар жылы туған ұлды енді,
Хан болсын деп бір Алладан тілеңіз!
Күн сүйсін тек күндей сәби маңдайын,
Бақытқа зор бөлей берсін балдай үн.
Алатаудай Ердің атын алған ұл,
Алатаудай биік болсын әрдайым!
Ағайындар атынан ақ тілекпен, Қазыбек ИСА