Астанада латын әліпбиінде жарық көрген кітаптар көрмесі өтті
2017 ж. 15 шілде
5631
1
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Qazak kitaptary. 1929-1940 zhyl» тақырыбында көрме болып өтті, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.
Көрмеге 1929-1940 ж.ж аралығында жарияланған латын тіліндегі кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды. Қазақстанда латын әліпбиі ресми түрде 1929-1940 жылдары пайдаланылып, кейіннен кириллица алфавитіне көшірілген болатын.
Латын қарпіне көшу қазақ тілі үшін – жаңа жаһандық бағыттағы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар мен қоғамдық сананы өзгертетін қажетті құралдарының бірі болып табылады. Жыл сайынғы Қазақстан халқына кезекті бір Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне көшуді 2025 жылдан бастау керек екенін айтқан болатын.
Айта кетейік, іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы және «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы.
Көрмеге 200-ге жуық кітап қойылды.