Тоқтар Төлешовтің үлкен қызы әкесі сотталғалы бері қалай өмір сүруде
2017 ж. 30 мамыр
17392
11
Қазір түрмаде жатқан Тоқтар Төлешовтің үлкен қызы - Севиль Төлешова қазір де кедей тұрмайды. Бірақ бұрынғыдай жұртқа көріне бермейді. Әлеуметтік желілерде фотоларды көп салмайды. Десе де, ара-тұра көрініп тұратыны бар. Caravan.kz медиа-порталының тілшісі оның ВКонтактедегі парақшасын ақтарып, әкесі сотталғаннан кейін қалай өмір сүріп жатқанын анықтады.
Төлешованың бұрын түрлі жазба, суреттерден босамаған парақшасы қазір ұмыт қалыпты. Мұнда тіпті соңғы рет қыздың қашан кіргені де көрсетілмей тұр.
Алайда шымкенттік бизнесменнің қызының ВКонтактеде ресми түрде расталған тағы бір парақшасы бар. Ондағы мәлімет бойынша, Севиль мұнда соңғы рет 25 мамырда кірген. Бірақ бұл жерде оның жаңа фотосуреттері жоқ екен. Ол мұнда төрт ай бұрын ғана соңғы рет төбе көрсеткен.
Бір қызығы, Севиль жаңа парақшасында 2015 жылы түсірілген суреттерін жариялапты.
Севиль өзі туралы мәліметте жұмыс орнын Париж деп көрсеткен.
Айтқандай, оның жаңа парақшадағы жазбалары Жаңа жыл жақындағанда пайда бола бастады. Әкесінің қарашада сотталғанына қарамастан, Севиль желтоқсанның аяғында "Бізге мейрам келе жатыр" ("Праздник к нам приходит") деп жазыпты. Демек, ол 2017 жылды көтеріңкі көңіл-күймен күткен. Сондай-ақ, осы күні, яғни 2016 жылдың 26 желтоқсанында бұл қыз жағдайының жақсы екенін білдіретін сурет жариялады.
Севиль осы жылдың 8 қаңтарында "Жарықшақтар" фильміндегі адамға шабыт беретін сөздерді бөлісті. Онда бұл өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ екені туралы айтылады.
Ал 16 қаңтарда қазіргі адамдарға деген көзқарасына сай келетін пәлсапалық жазбаны бөлісіпті.
Севильдің әлі де спортпен айналысып, денесін шынықтырып жүргені оның парақшасындағы бейнежазбалардан байқалады. Онда бөксені үлкейтуге арналған жаттығулар көрсетілген.
Айта кетейік, Тоқтар Төлешов елдегі ірі өндіріс орындарының бірі - Шымкент сыра зауытының иесі болған. Сондай-ақ, оның күзет агенттігі болды. Төлешов өткен жылдың 30 қаңтарында Шымкентте ірі көлемдегі арнайы операция арқылы ұсталды. Ол Қылмыстық кодекстің 16 бабы бойынша айыпталды. Соның ең бастысы - оның жаппай наразылық ұйымдастырып, билікті басып алмақ болғаны. Сөйтіп, Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 7 қарашасында 21 жылға бас бостандығынан айырылды.