Аяулы жан екен ғой әпке деген!
2017 ж. 04 сәуір
30099
11
Абзал ана, асыл жар, әзіз әже бола білген Күләш әпкеміздің он балалы Жарылқасын Иса әулетінің тұңғышы ретінде біз үшін орны ерекше. Ол аяулы анамыз Зейнеп Әубәкірқызына қолғанат болып, бәрімізге тәлім-тәрбие беріп, іні-сіңлілерін арқалап өсірген ардақты жан. Биыл Алпыстың асуына шығып отырған Күләш әпкемізге бар жақсылықты, бақыт пен ырыс-құтты, шаңырақ шаттығын тілеп, мерекеңіз берекеге айналсын дейміз.
Алла жар болып, марқұм Сәрсенбай жездеміз екеуіңіз мәпелеп өсірген ұл-қыздарыңыздың, немерелеріңіздің қызығын көріп, жұлдыздарыңыз жарқырай берсін!
Аз болмай жүрсем дағы әттегенем,
Ақынмын ардақтыға тапқан өлең.
Қайда жүрсе, қалмайтын қамқорлығы,
Аяулы жан екен ғой әпке деген!
Бастадың бір әулеттің көшін білсең,
Кішілер артық кетсе кешірдің сен,
Үлкені он баланың болғаннан соң,
Бәрімізді арқалап өсірдің сен!
Ізгілікті әрдайым іздеп өттің,
Бүгінгі күн елеулі, бізге ерек күн!
Шаңырақтың шаттығы шалқи берсін,
Алла қолдап әрдайым, Жүзге жеткін!
Зор құрметпен, інілеріңіз бен сіңлілеріңіздің,
келіндеріңіздің атынан
Қазыбек Иса
qazaquni.kz