Алматыда феминистер шеруге шықты
2017 ж. 09 наурыз
2594
1
Алматы қаласында 8 наурыз мерекесін сылтау қылған бір топ феминист алаңға шықты. «Ұят - құқық пен денсаулықтан кейінгі орында болу керек», «Әйелдер колонциясында құқық пен қауіпсіздіктің сақталуы», «Бізге не кию керектігін айтпаңдар, ОЛАРҒА зорламаңдар деп айтыңдар» деген секілді ұрандарды көтерген қыз-келіншектер елдегі зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап еткен. Бұл туралы qasym.kz хабарлады.
Алаңға шыққан белсенділердің айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда отбасылық зорлық-зомбылықтың үлес салмағы артып кеткен.
«Соңғы жылдары 8 наурыз гүлдер мен нәзіктіктің мерекесіне айналды. Жұрт әйел адамдар үнемі нәзік әрі сұлу болуы керек дейді. Біз бұл дәстүрді бұзып, 8 наурыздың шынайы мәнін қалпына келтіргіміз келеді. Яғни әйелдер еркектермен тең болуы керек. Әйелдер жұмыста, көшеде, қоғамда ерлермен бірдей таңдай жасай алуы тиіс. Ер мен әйел деп бөлінуге қарсымыз. Біздің елде бұл үдеріс кенжелеп қалды, – дейді шерушілер.
Айта кету керек, шеру барысында тәртіп бұзушылықтар орын алмаған. Құқық қорғаушылар тарапынан ескерту де айтылмаған.