Астанада тұңғыш рет шала қазақтардың отырысы ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ өтті (фото)
2017 ж. 28 ақпан
2468
9
Астанада шала қазақтар клубы мүшелерінің алғашқы кездесуі өтті. Бұл туралы Facebook парақшасындағы топтардың бірінде хабарланды деп жазады NUR.KZ.
Отызға жуық астаналық қыз-жігіттер бір дастархан басына жиналып, тек қана қазақ тілінде сөйлеуге тырысты.
Шала қазақтардың отырысына бүгінге дейін туған тілін білмегені үшін өзінен басқаны кінәлі санамайтын жастар жиналған.
"Олар акцентпен сөйледі. Қателесті. Сөздерді шатастырып алды. Арасында мүлде сөйлемегендері де бар. Әйтсе де, олар бір-бірімен танысып, сөйлесіп, араласа бастады. Өйткені, қазақша қате сөйлегені үшін қасындағы адамның күліп қарамайтынын түсінген. Егер сіз де шала қазақ болсаңыз, клубқа қош келдіңіз", - деп жазылған парақшада.