Болат Назарбаевтың жұбайы туралы не білеміз?
2017 ж. 27 ақпан
17510
11
"Фотобаян" айдарының бүгінгі кейіпкері Болат Назарбаевтың жұбайы – Гүлнұр Назарбаева. Гүлнұр әлеуметтік желідегі белсенді қолданушының бірі.
Бұл туралы 365info.kz порталы хабарлайды.
Соңғы уақытта түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастырумен көзге түсіп жүр.
Ол, сонымен қатар, «BN» деп аталатын музыкалық топқа жетекшілік етеді екен.
Оларды білетіндер жолдасы екеуінің жас айырмашылықтарына қарамай, өте жарасымды жұп екенін айтады.
Ең қызығы, қай ортада болмасын бірдей стильде киінуді ұнатады екен.
Айтпақшы, күні кеше Назарбаевтар отбасы қыздарының туған күнін атап өтті.
Әкесі мен шешесі қыздарының мерекесін ертегідей етіп өткізген екен.
Кішкентайлары биыл бірінші сыныпқа барған болатын.
Суреттер Гүлнұр Назарбаеваның ВК әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды