NASA-ның ең таңдаулы фотосуреттеріне Байқоңырдағы көріністер енді
2017 ж. 04 қаңтар
2561
0
NASA 2016 жылғы таңдаулы фотосуреттерді іріктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Mashable.com мәліметіне қарағанда, NASA өткен жылғы ұнаған суреттерін жинақтаған, олардың арасында ғарыш саласындағы оқиғалар, зымыран тасығыштарды ұшыру сәттері, ХҒС-дағы астронавтар өмірі мен өзге де қызықты шаралар қамтылған. 2016 жылға жасалған шолудың аясында үздік 66 фотосурет іріктелді. Соның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран тасығыштарды ұшыру кезіндегі және Қарағанды облысы аумағында аппараттардың қонуы сәттері түсірілген фотосуреттер бар.
2016 жылдың 7 шілдесінде американдық астронавт Кейт Рубинс, ресейлік Анатолий Иванишин мен жапондық Такуя Ониси ғарыш айлағынан аспанға сәтті көтерілді. ФОТО: NASA/Bill Ingalls «Союз МС-03» ғарыш кемесінің экипажы. Оның құрамында ресейлік ғарышкер Олег Новицкий, француздық ғарышкер Тома Песке және NASA өкілі Пегги Уитсон бар.
Экипаж өткен жылдың 18 қарашасында Байқоңырдан ғарышқа ұшырылды. Жерге қонатын «Союз ТМА-18М» аппараты. 2016 жылғы 2 наурызда Жезқазғаннан 147 шақырым жерге ресейлік ғарышкерлер Михаил Корниенко мен Сергей Волков, сонымен қатар американдық астронавт Скотт Келли қонды.
NASA астронавты Джефф Уильямс, ресейлік ғарышкерлер Алексей Овчинин мен Олег Скрипочканың 2016 жылғы 7 қыркүйекте Жезқазған маңында «Союз ТМА-20М» кемесімен қонған сәті.
2016 жылдың 30 қазанында Жезқазған қаласынан алыс емес ауданда АҚШ астронавты Кейт Рубинс, ресейлік Анатолий Иванишин және жапондық Такуя Ониши парашютпен қонды.
Қону сәтінің ойдағыдай болуы жетілдірілген «Союз ТМА-20М» ғарыш кемесінің бірінші миссиясының аяқталғанын білдіреді. 2016 жылдың 14 қарашасында Байқоңыр ғарыш айлағынан үлкен Айдың ерекше көрінісі аясында зымыран фотосуретке түсірілді. «Байқоңыр» ғарыш айлағына рельспен «Союз» жеткізілді.
2016 жылғы 4 шілдеде «Байқоңырға» пойызбен «Союз МС-01» ғарыш кемесі жеткізілді.