СҚО әкімі Сұлтанов су тасқынын денесіне "су жұқтырмай" тамашалады (фото)
2016 ж. 05 сәуір
3130
0
Бүгін СҚО әкімі Ерік Сұлтанов пен ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары Жасұлан Жұмашев қызыл су басқан елді мекендерді әуеден шолып қайтты, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі өзен-көлдердің ахуалын жіті бақылап, жергілікті халықты қызыл су басудан сақтауға бағытталған жергілікті биліктің, құтқару қызметтерінің жұмысымен танысты. Шағалалы өзенінің арнасы, Үлкен Таранкөл, Бозарал, Балықты, Сарыкөл көлдеріне шолу жасалып, Тайынша және Аққайың аудандары, сондай-ақ Сергеевский су торабына бақылау жүргізілді.
Үлкен Таранкөлдегі жағдаймен танысу кезінде Есіл ауданының әкімі Мұратбек Әбішев өңірдегі ахуалды баяндап берді.
Шал ақын ауданында облыс әкімі Сергеевский су торабындағы жағдайды өз көзімен көріп қайтты. Мұнда Сергеевский су қоймасының басшысы Бағлан Қарабеков жағдай бақылауда екенін жеткізді.
Дерек көзі: ҚазАқпарат