"Президент: неформальный ракурс" (фото)
2016 ж. 09 наурыз
3802
5
Нұрсұлтан Назарбаевтың сирек суреттері бар фотожинақ шықты, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.
"Президент: еркін ракурс" атауымен шыққан кітапта Қазақстан Президентінің соңғы үш жыл бойында болған шараларға қатысқан кезіндегі фотосуреттері жинақталған. Фотокамера объективіне Мемлекет басшысының ресми кездесулеріндегі сәттер еркін ракурспен түсірілген. Бұл фотожинақ мемлекет басшысын басқа қырынан көруге мүмкіндік береді.
Ақорданың баспасөз қызметінің өкілдері жасаған фотожинақтың екінші бөлімінде ресми БАҚ-тарда жарияланбаған суреттер бар.
"Шай үстінде... Жыл қорытындысын жасаған кез". Бұл сурет фотожинақта осылай сипатталған. Сурет өткен жылы Ақордада түсірілген.
"Ал сенің костюмің Қазақстанда жасалған ба?". Мемлекет басшысының Астана әкімі Әділбек Жақсыбековпен және ҚО қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовпен тұрған суреті осылай сипатталған. Бұл сурет 2015 жылдың 1 желтоқсанында Астанадағы Ұлттық әскери-патриоттық орталыққа барғаннан кейін түсірілген.
Бұл сурет 2015 жылы Францияда түсірілген. Нұрсұлтан Назарбаев Франсуа Олландпен екіжақты құжаттарға қол қою рәсімінің алдында. "Өзара табысты әріптестіктің сәтті дамуы мен халықтарымыздың достығы үшін!".
Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматуллин. Сурет Қазақстан халқы бірлігі күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шаралардан кейін түсірілген.
Бұл фотографияға былай деп сипаттама жазылған - "Барлық қазақстандыққа айтарым: "Made in Kazakhstan" өзіміздің отандық тауарларды сатып алу керек". Мемлекет басшысының "Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы" ЖШС-ға барған кезі.
Фотожинақтың екінші бөлімінде Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің өкілдері жасаған "Президентпен бірге өткен төрт күн" жобасы ұсынылған. Осы суреттер легі Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің қалаларына жасаған төрт күндік сапарын көрсетеді. №1 бортындағы суреттер ұсынылған.
Кітапта фотожинақты Мемлекет басшысының баспасөз жетекшісі Дәурен Абаевтың құрастырғаны жазылған. Айгерім Деңгілбаеваның және Дамир Өтегеннің суреті қолданылған. Фотожинақтың мың данасы шықты.
Дерек көзі:tengrinews.kz