Ғалымдар Күн жүйесіндегі тоғызыншы ғаламшарды анықтады
2016 ж. 21 қаңтар
2857
0
Америкалық ғалымдар Күн жүйесіндегі тоғызыншы ғаламшарды анықтады. Калифорниядағы технологиялық институттың ғалымдары - Майкл Браун мен Константин Батыгиннің жұмысы "Астрономиялық журналда" жарияланды, - деп жазды tengrinews.kz.
Астрофизиктердің мәліметінше, Күн жүйесіндегі тоғызыншы ғаламшардың бар екенін дәлелдейтін айғақ табылған. "Х Ғаламшар" көлемі жөнінен Нептунмен шамалас, ал газ көлемі Жер салмағынан 20 есе, диаметрі Жерден 2-4 есе үлкен.
© Caltech
Сонымен қатар, нысанның Күннен ең алыс жатқан ғаламшар - Нептун мен Жердің ара қашықтығынан 20 есе алыста екені белгілі болды. Астрофизиктердің айтуынша, "Х Ғаламшар" Күнді 10-20 жылда бір айналады.
© Caltech
Құпия ғаламшарды ғалымдар әзірше математикалық және компьютерлік модельдеу арқылы ғана тауып отыр. Олардың айтуынша, нысанды телескоп арқылы көру бес жылдан кейін ғана мүмкін болады.