Биліктегі зейнеткерлер
2015 ж. 09 желтоқсан
4304
1
Бүгін біз сіздерге билік басындағы зейнеткерлердің тізімін жарияламақпыз. Бұл ер азаматтардың жасы біршамаға келсе де, ел басқарудағы тізгінді ешкімнен кем ұстамай екпінді еңбек етіп жатқандар.
Қазіргі таңда Қазақстанда 63 жастан асып, жұмыс жасап жүрген зейнеткерлердің саны 200 мыңға жетті. Бұл туралы жуырда ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының кеңейтілген отырысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім еткен болатын. Қазақстанның қолданыстағы заңнамаға сәйкес, егер де адам зейнет жасына дейін мемлекеттік қызметте істеп болса, онда жұмыс беруші онымен келісімшартты бұзуға құқылы. Алайда, бұл маман қызметке қажет білікті маман болса, жұмыс беруші онымен келісімшартты ұзартуға құзырлы. Демек бүгінгі үздік 10-дыққа енген зейнеткерлеріміз әлі де болса ел үшін аянбай тер төгетіні сөзсіз. Нұртай Абықайұлы Әбіқаев – 1947 жылы туылған. 2010 жылдың тамыз айынан бері – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы. Генрал-майор. ҚР Волейбол федерациясының президенті. ҚР Парламенті делегациясының басшысы. Толық жасы 68. Амандық Ғаббасұлы Баталов 1952 жылы туылған. 2014 жылдың тамыз айынан бастап Алматы облысының әкімі. Толық жасы – 63. Ахметжан Смағұлұлы Есімов- 1950 жылы туылған. 2008- 2015 жылдары аралығында Алматы қаласы әкімінің қызметін атқарды. 2015 жылдың тамыз айынан бастап “Астана ЭКСПО-2017″ ҰК басқармасының төарағасы. Толық жасы – 65. Серік Әбікенұлы Үмбетов – 1950 жылы туылған. 2005-2011 жылдары арасында Алматы облысының әкімі қызметін атқарған. 2012 жылдан бастап ҚР Парламент мәжілісінің депутаты. Толық жасы – 65. Владимир Сергеевич Школьник – 1949 жылы туылған. 2014 жылдың тамыз айынан ҚР энергетика министрі. Толық жасы – 66. Божко Владимир Карпович – 1949 жылы туылған. Ұлттық қауіпсіздік офицері. 2007-2014 жылдар аралығында Төтенше жағдайлар министрі. Генерал-лейтенант. 2014 жылдың тамыз айынан бастап ҚР ІІМ министрінің орынбасары. Толық жасы – 66. Сергей Витальевич Кулагин – 1952 жылы туылған. 2014 жылдың мамыр айынан бері Ақмола облысының әкімі. Толық жасы – 63. Бақтықожа Салахитдинұлы Ізмұхамбетов – 1948 жылы туылған. 2012 жылдан бері Атырау облысының әкімі. Толық жасы – 67. Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов – 1945 жылы туылған. 2012 жылдың қаңтар айынан Мәжіліс депутаты. ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының жанынан құрылған Депутаттық әдеп кеңесінің төрағасы. Толық жасы – 70. Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев –1945 жылы туылған. 1996-1999 жылдары ҚР Қорғаныс министрі, 2007-2010 жылдары ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары. 2010 жылдың сәуір айынан ҚР Парламент сенатының депутаты. Халық қаһарманы. Толық жасы -70.Дереккөз: NUR.KZ