ЖАРҚЫН ЖҮЗБЕН ЖҮЗГЕ ЖЕТСІН ЖАСЫҢЫЗ!

ЖАРҚЫН ЖҮЗБЕН ЖҮЗГЕ ЖЕТСІН ЖАСЫҢЫЗ!

Республикалық “Қазақ үні” газеті Бас редакторының бірінші орынбасары, редакциядағы ең үлкен, ең тәжірибелі, көкжал журналисіміз, “ҚР Ақпарат ісінің үздігі”, «Еңбек ардагері» медалінің иегері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Зейнолла Абажан ағамыз жемісті 70-ке толып жатыр екен, мерей жасыңыз Құтты болсын!

Қадірлі Зеке!

Жетпістегі жігітсіз ғой, желіп жүріп жүзіңіз жарқын күйде Жүзге жете беріңіз!

Қазақ журналистикасына сіңірген зор еңбегіңіз елге белгілі!

Қаламыңыз қаруға айналып, халық сөзін сөйлеп келесіз! Ақиқаттың Ақ туын биік ұстап, шындықты шырқыратып жазып жүрсіз!

Шаңырағыңыз шапағат пен шаттыққа бөлене бергей! Алла жар болып, Жұлдызыңыз жарқырай берсін!

ҚАЗАҚ ҮНІН биіктен шырқай беріңіз!

Әрдайым АҚ ЖОЛ тілейміз!

Жазарыңыз - қазақтың жан азабы.

Інілердің болдыңыз ағажаны.

Қазақ үнін жеткізер Зекең елдің, -

Абаданға айналған Абажаны!

Зор құрметпен, Қазыбек ИСА, ақын, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты.

08.01.2023.