Қазақтың геолог-ғалымы Әлімхан Ермекбаев өмірден озды
2021 ж. 13 мамыр
17516
2
Геология-минерология ғылымдарының докторы, Академик, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ермекбаев Əлімхан Ермекбайұлы 2021 жылдың 8 мамыр күні 88 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Әлімхан Ермекбаев өмір жолын туған елі мен халқының игілігі жолында аянбай қызмет етіп, өзіндік өшпес із қалдырды. Қазақстанда ең ірі болып есептелген Оңтүстік Қазақстан геологиялық басқармасы бастығының орынбасары, бас геологы, «Казнедра», Қазақ минералды шикізаттар институты сияқты ғылыми-зерттеу мекемелері бастықтарының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. ҚР Қазба байлықтар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы болды, ал 1998 жылдан Баға институтының проректоры қызметтерін атқарады.
Сонымен қатар, бес кен орнын ашып, сексенге жуық ғылыми-зерттеу жарияланымның авторы болды.
Əлімхан Ермекбайұлы 1933 жылдың 10 тамызында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қастек ауылында өмірге келген. Асыл жары Арзы апамызбен 64 жыл отасып, 5 баладан 11 немере, 12 шөбере сүйді. Бүгінгі күнде Қаңлы руының үлкені, абыройлы ақсақалы бола білді.
Осыған орай, Монтаевтар әулиеті атамыз Әлімхан Ермекбайұлының өмірден өтуіне байланысты Арзы апамызға, балалары мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші атамыздың есімі мәңгі жадымызда, ал еңбегі кейінгі ұрпаққа мол мұра болып қалары һақ.
Көңіл айтушы, Қаңлы руының Монтаевтар әулиеті.