Құтты болсын жемісті Жетпісіңіз!
2020 ж. 17 қыркүйек
2642
0
Жер жәннаты Жетісудың жазиралы Жаркент қаласы Алтыүй ауылының ауыл-аймаққа абыройлы, ағайынға қадірлі тұрғыны, құрметті құдағиымыз Бишан Ілиясқызы Айнақұлова жемісті Жетпіс жасқа толып отыр.
Бишан Ілясқызы 1950 жылдың қыркүйек айының 15 жұлдызында, Алматы облысы Жаркент қаласы, Алтыүй ауылында дүниеге келген. Өмір жолында өмірсерігін кездестіріп, 1967 жылы 25~шілдеде Сәдуақас Айнақұлов Бекбосынұлымен отбасын құрды.
Бишан Ілиясқызы 30 жыл халыққа сауда саласында қызмет етті. Зейнетке шыққан соң да, қарап жатқан жоқ. Нәсібін кәсібінен тауып, жеке кәсіппен айналысуда. 1999 жылы ері Сәдуақас мезгілсіз дүниеден озды.
Бишан апайымыз қазіргі таңда бес баланың анасы. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, 20 немере, 12 шөберенің әзіз әжесі. Ағайынға абыройлы абзал жан, ардақты ана.
Біз құрметті құдағиымыз Бишан Ілиясқызын Жетпіс жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Төл Мерекеңіз мол Берекеңізге айналсын! Шаңырағыңыз шапағатқа бөлене берсін! Көңіліңіз келісті, өміріңіз жемісті де, жеңісті бола берсін! Осылай күрең күздің күніндей шуақты, әрдәйім қуатты бола беріңіз! Немерелеріңіз бен шөберелеріңіздің күлкісін қызықтап жүре беріңіз.
Алла жар болып, Жұлдызыңыз жарқырай берсін!
Құтты болсын жемісті Жетпісіңіз!
Еңбекпен, өнегемен өтті ісіңіз.
Жүресіз шұғылалы шуақ шашып,
Жақсылыққа арналсын көп күшіңіз!
Мерейлі бұл мереке бізге ерек күн,
Ізгілікті әрдайым іздеп өттің.
Шаттыққа бөлеп Алла шаңырақты,
Жүзіңіз жарқын күйде Жүзге жеткін!
Ізгі ниетпен, құдаларыңыздың атынан Қазыбек-Жәннат