САҢЛАҚ САРДАР САБЫРЖАН "ЖЕКПЕ-ЖЕК" ШАПАНЫН КИГІЗДІ
2020 ж. 25 ақпан
3280
0
КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО әуе десант әскерінің (ВДВ СССР) үш дүркін чемпионы, ережесіз жекпе-жектен тоғыз дүркін әлем чемпионы, КСРО мен Қазақстанда кикбоксинг пен ушу-саньданың ірге тасын қалаушы, Дүниежүзілік «Жекпе-жек» ұлттық спорт қауымдастығы президенті, Қазақ спорт және туризм академиясының профессоры Сабыржан Махметті білмейтін қазақ жоқ шығар! Аты аңызға айналған арда қазақ, қиын кездерде ұлт наиысын қорғап, жат жұрттықтарды шаңыраққа қаратқызып, бас идіріп қойған Сабыржан ағамыз кеше елордада өткен астаналық чемпионатқа құрметті қонақ етіп шақырып, Алғыс хатын беріп, шапанын кигізді.
Бүгін "Ақ жол" партиясы офисіне келіп, "Қазақ үні" ұлттық порталына кең көлемді сұхбат берді.
"Жекпе-жектің" саңлақ сардары, Сабыржан бахадүрдің құрметтеп жапқан шапаны Ұлттық мүдде жолындағы күресімізге зор қайрат пен мол жігер беретіні анық!
Алла жар болсын!