АЛПЫС ДЕГЕН АСҚАР БЕЛ КЕЛДІ АСУЫҢ!

 

Белгілі кәсіпкер, абыройлы азамат, ел ағасы,

«АҚТАН» ЖШС Бас директоры Ғабит ДОСАНОВ мырзаға

  Қадірлі Ғабит Аймұқанұлы! Сізді асқар бел асу Алпыс жасқа толған мерей­тойыңызбен құттықтаймыз! Еңбекте табыс тілеп, шаңырағыңызда шаттық шалқи берсін дейміз! Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы туған қасиетті һәм тарихи Торғай өңірінде туып-өскеніңіз ұлттық ұста­нымыңызды айқындауға зор үлес қосты. Отызда орда бұздыңыз, қырықта қамал алып, елуде ел ағасы бола білдіңіз. Ал көрнекті жазушы Шерхан Мұртаза: «Алпыс – тал түс» деген екен. Сіз өнегелі өміріңіздегі тал түсіңізге табыспен жетіп отырсыз. Асыл жарыңыз Жанна екеуіңіз алтын асықтай айдарлы ұлдарыңыз Димаш пен Рустамды тәрбиелеп өсіріп, инабатты келіндеріңіз Әлия мен Динарадан сүйікті немерелер сүйіп отырсыздар. Туған жердің тұлғалы перзенті және «Ақтан» компаниясының басшысы ретінде Қостанай облысы Амангелді ауданына қаншама рет қаржылай-материалдық көмек беріп келесіз. Бұл Сіздің үлкен жүректі, кең пейілді, перзенттік парызға адал азаматтық патриоттығыңызды айқын білдіреді. Құрметті Ғабит Аймұқанұлы! Сізді мерейтойыңыз қар­саңында «Ақ жол» партиясы мен Қазақ­стан тарихшылары қауымдастығы бір­ле­сіп бекіткен «Қазақ хандығына 550 жыл» мерекелік медалымен марапаттап отырмыз. Сізге зор денсаулық, мол бақыт және Мере­кеңіздің Берекеге ұласуын тілейміз! Азат ПЕРУАШЕВ, «Ақ жол» партиясы төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 29 ақпан, 2020 жыл qazaquni.kz  

Жігітсің сен жаны жомарт, иықты

  Ғабит Аймұқанұлы Досанов 60 жасқа толғанда шашылған жыр-шашу   Жаратқанның пендесіне берілген үлкен сыйы – оның артында қалатын жақсы аты, мейірімділігі мен қарапайымдылығы Сағди І Құзіреті күшті әмірімен Алланың, Алысқа келдің қай қиырға бармадың? Димашың мен Рұстамыңның қамы үшін, Қыран құс боп қалықтадың, самғадың. Димаш, Рұстам Алла берген бақытың, Келіндерің Әлия, Динара жақұтың. Алла берген алтын немере: Адия, Тиара, Алсара, Алидар, Алдияр, Рания, Айлана, Шаңырақтағы шаттық пенен бақ-құтың. ІІ Тұрсың сен алты асу асқарында, Ойлаған кездерің жоқ бас қамында. Төңіректі шолдың сен қыран болып. Қазақтың аппақ, ашық аспанында. Жігітсің сен жаны жомарт, иықты, Нұрекеңнің құдасысың сүйікті. Еңбегіңмен қызмет етіп еліңе, Бағындыра бер алда талай биікті. Димашым бәріміздің мақтанымыз, Арайлап ата берсін ақ таңымыз. Дейді Алла: «Бақыт бердім баға жетпес, Алайда тіл мен көзден сақтаныңыз». ІІІ Алпысың аман жеткен құтты болсын, Денсаулығың болаттай мықты болсын, Халыққа аузыңнан жырып берер, Бизнесің гүлдесін, сүтті болсын. Алпысты атап өтіп, жетпіске жет, Сексенменен тоқсанға да тоқтамай, Жан жарың – Жаннаңды қолтықтап ап, Бақыттан бас айналып, жүзге де жет! Ғабит жүзден асыпты деп ән салайық, Кермиық, көркем көркіңе тамсанайық. «Қазақстанда өркениет гүлдеді» деп, Шаттанып, жер жүзіне жар салайық. IV Сәуле шашсын аппақ, самал ажарың, Нұрын төксің мейірімі мол назарың. Баянды болсын Алла берген бақытың, Тарқамасын қуаныш, бақыт базарың! Жарып өттің қиындықтың нар қамысын, Талай жұмыс атқардың ел қамы үшін. Жасай бер елің үшін, біз үшін де, Соңымнан ерген бауырым – жолбарысым! V Көтеріскен жүктің ауырын, Тағдырдың жауын, дауылын. Ғабитім менің жасай бер, Тілекшің – Сәбит бауырың. Алматы. Ақпан, 2020 жыл.  

АЛПЫС ДЕГЕН АСҚАР БЕЛ КЕЛДІ АСУЫҢ!

 

Ғабит Досанға

Тұлғасына қарасаң батыр дерсің, Жырласына қарасаң ақын дерсің. Ақыл, қайрат, парасат қосылған соң, Бір басына қарасаң хакім дерсің! Туған жерден Алаштың көсемдері, Қырандайын қияға неше өрледі! Ғабиттерге лайық есімменен, Сәбиттерге інісің осы елдегі. Көңілің кең, сөзіңнің жылу бәрі, Жүрегіңді жұртың да ұғуда әлі, Бірге барып Бішкекте жатқан кезде, Ғашық болды қырғыздың сұлулары. Алпыс деген асқар бел келді асуың, Алшы түсе берсін дос, енді асығың! Ардақтайды әрдайым ел де асылын – Құда болдың өзімен Елбасының! Шабыттансаң шалқуың шақта басым, Шайыр болып кетуге шақ қаласың... Патша қызы сәлем сап, шәй құйғанда, Ақ батасын атаның ақтарасың! 29-ы артады сіздегі екпін – Төрт жылда бір келетін ізгі ерек күн! Ақ тілегін айтамыз біз де көптің. Алла қолдап, Жұлдызың жарқырасын, Жүзің жарқын күйіңде Жүзге жеткін! Қазыбек ИСА qazaquni.kz