Ақ тілек: Сөз бен істен таниды ел жан қадірін
2020 ж. 15 қаңтар
1954
0
АБЗАЛ ЗАҢГЕР
Сыртыңнан сүйсінемін ісіңе інім, Бір ағаңмын жаныңды түсінетін. Бұл өмірде болмайтын әділдікті, Әділ болып сендерсің пісіретін. Әңгір-таяқ ойнатқан төбемізде Зұлымдықты заңменен түсіретін. Небір өртке күймедің, кім санаған? Жүрегіңе қанжарын жүз қадаған, Найсаптармен тіресіп, күрескенде, Безіп кеткің келді ме бұл қаладан? Бірақ ар мен намысың жібермейді, Маңдайына жап-жарық күн қадаған! Сені көрсем көзіме елестейді, Әрине, оған ешкім теңеспейді. Жаһаншаһ заңгер алаш зиялысы, Еліктемей мықтыға ер өспейді. «Ұлтқа қызмет – мінезден», табанды бол, Саған сондай зіл міндет үлес тиді. «Пайда ойлама, арды ойла», Абзал інім, Ұмытқан жоқ бұл халық Жанша ұлын. Қорғансызға қалқан бол, қабырғалы, Әділет, мейірім кетсе де қанша қырын. Мен өзіңе тілеймін жердей төзім, Көлдей көңіл, мызғымас тау сабырын, Сөз бен істен таниды ел жан қадірін. Мұнайдар Балмолда