Қазақтың ҰЛТТЫҚ КИІМІ әлемдегі ЕҢ ӘДЕМІ киім деп танылды
2020 ж. 04 қаңтар
18200
4
Қазақстандық Айсұлу Ерболова Оңтүстік Кореяда өткен Miss World University байқауында "үздік кастюм" аталымы бойынша жеңіске жетті, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды, жалпы сайысқа әлемнің 50 елінен келген сұлулар қатысып, бақтарын сынады.
Қарағандыдағы Е. Букетов атындағы университеттің студенті жарыс қорытындысы бойынша үздік ондыққа енді. Төрешілер бойжеткеннің ұлттық киімін ерекше бағалап, осы аталым бойынша жеңімпаз деп тапты.
Еске сала кетейік, Miss World University – жыл сайын өтетін сұлулық сайысы.