Жұлдыздарың жарқырасын мәңгілік!
2019 ж. 12 қазан
2353
0
Асқар Алтайдағы қадірлі құда-құдағиымыз Әлібек пен Раяны және ең бастысы ардақты Гүлжамал апамызды ұлдары мен немересі Талантты үйлендіріп, Назеркедей аққу келінді алақандарына қондыруларымен құттықтаймыз!
Шаңыраққа ие болып қалатын, үміт артқан ұл Талант пен жүзінен нұр төгілген инабатты келініміз Назерке қол ұстасып Ақ отау құрып отыр! Қадамдарың құтты болып, алдарыңнан арайлы күн ашылсын! Екеуіңе ел тілегі шашу болып шашылсын! Жаңа бой көтерген Ақ отау егемен елімізге қосылған құтты шаңыраққа айналсын!
Ақ келінге құшақ жайып, қош санап,
Қуануда ағайын мен дос қарап.
Алла дәйім бақ пен бақыт сыйласын,
Зор қуаныш бітіреді қос қанат!
Арман тауға аттандыңдар ат мініп,
Алдарыңнан шықсын күліп сәттілік!
Тәтті болсын, өмірлерің әрдайым
Дастарxанға жайылған соң тәттілік!
Шаңырақты көтеріңдер сәнді ғып,
Әлдилерің жүрсін ішін ән ғылып.
Ақ отауға Ақ жол біздер тілейміз,
Жұлдыздарың жарқырасын мәңгілік!
Ізгі ниетпен, құдалардың атынан ақ тілек білдіруші: Қазыбек Иса.