Дания Еспаева Алматы базарында жұмыс істейтін кәсіпкерлермен кездесті

Дания Еспаева Алматы базарында жұмыс істейтін кәсіпкерлермен кездесті. «Ақ жол» партиясының үміткері Азат Перуашев бастаған Республикалық штаб өкілдерімен бірге «Жібек жолы» базарына барды.

Кәсіпкерлер Еспаеваға және «Ақ жол» партиясының жетекшілеріне Қазақстандағы шағын және орта бизнестің мәселелері жөнінде сөз қозғады.

Өз кезегінде үміткер сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары мен міндеттері туралы баяндады.

«Бүгін қозғалған сұрақтар менің сайлауалды бағдарламамның елімізде орын алған кәсіпкерлікке қатысты мәселелерін шешуге бағытталғанын айқындай түсті», - деді Дания Еспаева.

«Ақ жол» партиясынан Президенттікке үміткер Дәния Еспаеваның үгіт науқаны жалғасуда.

ҚР Президенттігіне үміткер Д. М. Еспаеваның сайлау қорының қаражатынан төленді