Соғыс ардагерлеріне 2,6 млрд теңгеден астам қаржылық көмек беріледі
2019 ж. 06 мамыр
3676
1
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 9 мамырда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қандай көмек көрсетілетінін айтты, - деп хабарлайды baq.kz.
Жеңістің 74 жылдығына орай 88 862 ҰОС ардагерлеріне 2,6 млрд теңгеден астам сомаға бір жолғы материалдық көмек төленеді.
“Қазақстанда 1425 Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен тікелей мүгедектері, сондай-ақ 87 мыңнан астам ҰОС ардагерлері тұрады, олардың ішінде Қоршаудағы Ленинград тұрғындары, тыл еңбеккерлері, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жұбайлары, концлагерьдің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары және басқалар бар”, - делінген хабарламада. Ең үлкен соманы Шығыс Қазақстан облысында тұратын ардагерлер алмақ - 542 мың теңге, Нұр-Сұлтан қаласында - 519 мың теңге, Ақмола және Павлодар облыстарында - шамамен 500 мың теңге алады. Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында төлем 300 мың теңгені құрайды. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында шамамен 250 мың теңге қарастырылған. Қызылорда облысында 202 мың теңге, Қостанай және Жамбыл облыстарында 150 мың теңгеден. “Сондай - ақ, Қоршаудағы Ленинград тұрғындарына - жалпы сомасы 3,4 млн. теңгеге 69 адам, концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына (283 адам - 14,5 млн. теңге), қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жұбайларына (4 179 адам - 79,1 млн. теңге), ҰОС кезінде қаза болғандардың жесірлеріне (364 адам - 11,5 млн. теңге), тыл еңбеккерлеріне (67 479 адам-1,3 млрд. теңге) және ҰОС қатысушылары мен ардагерлеріне теңестірілген басқа азаматтарға (15 066 адам-676 млн. теңге) түрлі біржолғы төлемдер тиесілі”, - делінген хабарламада. Бұдан басқа, ҰОС мүгедектерін бірінші кезекте санаторлық-курорттық емдеумен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, протездеу бойынша медициналық қызметтермен, сурдоқұралдармен және басқа да компенсаторлық қосалқы құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен, кресло-арбалармен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету жоспарлануда.