Мәжіліс депутаттары Қазақ Ұлттық Аграрлық университеттері студенттерімен кездесті
2019 ж. 04 мамыр
3512
1
Мәжіліс депутаттары Зағипа Балиева, Амангелді Дәуренбаев, Бахтияр Мәкен еліміздегі ең іргелі оқу орнының бірі Қазақ ұлттық аграрлық университетінде профессорлық-оқытушылық құрамы мен жастар ұйымдары өкілдерімен кездесті.
Зағипа Балиева өз сөзінде Мәжілісте заң шығару қызметі туралы, оның ішінде, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қабылданған заңдар туралы, әлеуметтік маңызды қадамдар туралы жан-жақты баяндады.
- «Nur Otan» партиясының ХІХ Сьезінде Елбасы әлеуметтік саланы дамытудың кешенді үш бағытын белгіледі, оның ішін тұрмысы төмен отбасылар мен көп балалы аналарды қолдау, табысы аз азаматтардың тұрғын үйге қол жеткізу мәселесін шешу және білім мен денсаулық салаларын жақсарту,өңірлерді кешенді дамыту мәселелері аса өзекті. Осы бағытта көптеген нақты шаралар қолға алынып жатыр. Осы орайда, «Nur Otan» еліміздің жетекші саяси партиясы ретінде алға қойылған барлық міндеттердің орындалуын ұйымдастырумен қатар, олардың сапасына да тұрақты түрде бақылау жүргізеді», - деп атап өтті З. Бәлиева.
Сондай-ақ, депутаттар Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамының пікірлерін тыңдап, еліміздің ауыл шаруашылығын жаңғырту мәселелерін талқылады.
Осы орайда, депутат А. Дәуренбаев алтыс бесік ауылды өркендетудің өзекті сұрақтарын алға тарта келіп, заман ағымына сай елді мекендерді ғаламтор желісімен қамтудың маңыздылығына назар аударды.
Кездесу барысында өзара сұрақ-жауаптарға кезек беріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды.