Нұр-Сұлтан әкімі "Отелло" қойылымына өлең арнады
2019 ж. 27 сәуір
3177
1
Нұр-Сұлтанда белгілі режиссер Талғат Теменовтың "Отелло" драмасы сахналанды. Аталмыш сахналық қойылымды елорда әкімі Бақыт Сұлтанов та тамашалауға келді. Драмадан алған әсерін жасырмаған шенеунік әлеуметтік желіде ақ тілегін айтып, тіпті өлең де арнады. Әкім Сұлтановтың сондағы "туындысын" оқырман қауымға ұсынамыз.
Дұға жасадың ба, Дездемона?
Театрға бармағалы біраз уақыт болып еді. Кеше Талғат Теменовтың "Отелло" қойылымын көру бұйырған екен. Бір жарым сағаттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалдым.
Негізі театр өнері интернет, телевидение дамыса да орны бөлек болып қалады.
Саxнада болған көрініс залдағы көрерменге ерекше әсер берді. Әйелдер қауымының жылап, ер-азаматтарымыздың көзіне жас алғанын көріп ішім жылыды.
Залдағылар сияқты эмоцияны мен де сезініп, шумақтап өлең арнадым (оны да біраз уақыттан бері жасамаппын). *** Босады ерлердің көңілі, Әйелдер жағы жас алды. Дездемона күйініп өлімді, Маврдың қолынан қарсы алды.
Мыңдаған жылдар өтсе де, Яголар көзден кетсе де Жауыздық, сатқын, қызғаныш Қалғанын сеземіз бізде де. *** Жақында елордамыздың қақ ортасында, "Мыңжылдық" аллеясында жаңа, зәулім, әдемі қазақ драма театры бой көтеретініне шын жүрегіммен қуаныштымын.
Бақыт Сұлтанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі