ҰСТАЗДАРҒА ҮСТЕМЕАҚЫЛАРЫ ҚАЙТАРЫЛДЫ
2019 ж. 19 сәуір
2994
0
Еліміздің прокуратура органдарының қадағалау актісі бойынша педагогтарға 176 млн. теңгеден астам төленбеген үстемеақы төленді. Бұл жайында ҚР Бас прокуратурасы өкілдері хабарлады.
«Прокуратура органдары жалпы білім беретін мекемелер қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуын тексеріп талдау барысында еліміз бойынша 15 305 педагогқа 2016-2018 жылдардағы оқу кезеңінде инклюзивті білім беру аясында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс істегені үшін үстемеақы төленбей келгенін анықтады», –деп атап өтті ведомстводан. Бас прокуратураның мәліметінше, аталған қызметті көрсеткені үшін қолданыстағы заңнамада педагогтарға жалақыдан 40 пайыз мөлшерінде үстемеақы көзделген болатын. Бірақ бірқатар мекемелерде ол мүлдем орындалмаған. Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесі бойынша заң бұзушылықтар жойылып, жоғарыда көрсетілген қызметкерлерге 176, 2 млн. теңге мөлшерінде төлемдер жүзеге асырылды.
qazaquni.kz