Алматылықтардың пәтерін ыстық су басты: Төрт адам ауруханаға жеткізілді
2019 ж. 10 сәуір
2301
0
Алматыда ескі жылу магистралі жарылып, салдарынан төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.
10 сәуірде таңғы 04.00 шамасында Пушкин көшесінен Төле Би көшесіне дейінгі аумақта ескі құбыр желісі жарылған. Ол 1993 жылы қолданысқа берілген. Жарылыс салдарынан төрт тұрғын ауруханаға жеткізілді.
"Көпқабатты тұрғын үйдің жеті пәтері мен оның маңындағы тұрақта тұрған сегіз автокөлік бүлінді. Шығын көлемі анықталған соң кәсіпорын заң бойынша зардап шеккендер мен бүлінген мүліктің қожайындарына өтемақы береді", - деді "Алматы жылу желісі" өкілдері.
Қазір коммуналдық қызмет жылу магистралінің жарылған орнын жөндеп жатыр. Олар 16.00-ге дейін жөндеу жұмысын аяқтамақ.