Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады
2019 ж. 03 сәуір
1915
0
Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жұмысы туралы есебі, сондай-ақ, еліміздегі адам құқықтарының сақталуы жөнінде мәлімет берілді, - деп хабарлайды "Қазақ үні".
Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың, соның ішінде кедей отбасылар мен көп балалы аналардың негізгі құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ сотталғандарға қатыгездік көрсету фактілеріне жол бермеу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеу қажеттігін айтты.
Соңында Қазақстан Президенті Асқар Шәкіровке бірқатар нақты тапсырма беріп, құқық қорғау мәселесін жіті назарда ұстайтынын айтты.