Ресей президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Мәскеуге шақырды
2019 ж. 28 наурыз
1872
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы шетелдік жұмыс сапарымен Мәскеуге қашан баратыны белгілі болды.
Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковқа сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
"Біз бірден жаңа президентті Ресейге шақырдық", - деді Путиннің көмекшісі.
Оның айтуынша, жұмыс сапары 2019 жылдың 3 сәуіріне жоспарланған. Қазір келіссөз жүріп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде ант қабылдаған соң бірден шақырту жібердік, деп атап өтті Ушаков.
Дереккөз: sputniknews.kz