ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы тағайындалды
2019 ж. 26 наурыз
1770
0
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы қызметіне Ғалымжан Қойшыбаев тағайындалды. Оны Премьер-Министр Асқар Мамин бүгін Үкімет отырысы алдында таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Үкімет қаулысымен Қойшыбаев Ғалымжан Телманұлы Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Ғалымжан Телманұлы Президент әкімшілігінде, Сыртқы істер министрлігі жүйесінде ел үшін министрдің орынбасары болып көп жыл бойы еңбек атқарды. Ғалымжан Телманұлына жаңа қызметте сәттілік тілейміз», - Асқар Мамин.