Тоқаев Астананы "Нұрсұлтан" деп атауды ұсынды
2019 ж. 20 наурыз
2095
0
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұрсұлтан деп атауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Біздің елордаға Тұңғыш Президенттің есімі беріліп, Нұрсұлтан аталуы керек", - деді Тоқаев.
Бүгін, 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болды. Ант беру рәсімі Мәжіліс ғимаратында Қазақстан Парламенті палаталарының жалпы отырысы барысында өтіп жатыр.
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл беруге, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант беремін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.